RU
Тиматидің жүз клипі де татымайды: Отандық рэпердің бейнебаяны рекорд орнатуда
Жаңалықтар Қоғам

Тиматидің жүз клипі де татымайды: Отандық рэпердің бейнебаяны рекорд орнатуда

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Jah Khalib-тің жаңа бейнебаяны интернет желісіне күні кеше ғана жүктелген. "Медина" атты әніне түсірілген су жаңа туындысы бүгін Youtube-тағы тренд видеолардың көшін бастап тұр деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі сурет желіден алынды

Көрнекі сурет желіден алынды

Қазіргі уақытта су жаңа бейнебаянды қарағандардың саны миллионға жуықтап қалды. Тарихи сипатта түсірілген видеода қыз бен жігіттің махаббат дастаны баяндалады.

Бейнебаянда Айя Шалкар, Жандос Айбасов, Ардақ Қадырхан, Еділ Смағұлов іспеттес танымал тұлғалар бой көрсетеді. Ал режиссер қызметінің тізгінін Айсұлтан Сейітов басқарған.

Оның айтуынша, бұл Бахтияр екеуінің қатарынан екінші мәрте бірігіп жұмыс істеуі болса керек. Көшпенділер тақырыбы альбомға дайындық жүріп жатқан қалың күз кезінде шешіліп қойған екен.

«Бұл – менің, тіпті Қазақстан тәжірибесіндегі аса ауқымды әрі ең көп қаражат жұмсалған бейнебаян десем артық айтпаймын»,- деп ағынан жарылды режиссер.

Отандық әншінің су жаңа бейнетуындысына желі қолданушылар да оң бағасын беруде. Арасында тіпті «бұл клипке Тиматидің жүз бейнебаяны да татымайды» дегендер де болды. Оған қоса, ұлты қазақ емес Бахтиярдың Қазақстанға деген патриоттылығына тәнті болғандар өз мадақтарын жаудырды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
15
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір