RU
Айсәуле Бақытбек: Қазақстанда оқу ойымда жоқ
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Айсәуле Бақытбек: Қазақстанда оқу ойымда жоқ

Рассказать Вконтакте

Жақында әлеуметтік желіде Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлық туралы жазған Айсәуле NUR.KZ тілшісіне арнайы сұхбат берген болатын. Әңгіме барысында ол шетелдегі оқу орны туралы айтты және болашаққа жоспарларымен бөлісті.

Фото: Айсәуле Бақытбектің instagram парақшасынан алынды

Фото: Айсәуле Бақытбектің instagram парақшасынан алынды

Айсәуле қазір АҚШ студенті. Айтуынша, шетелде оқу оның ата-анасының шешімі. Айсәуленің сөзінше, әлемдегі ең жақсы жорғарғы оқу орындары АҚШ-та орналасқан, сондықтан шетелде оқуға қарсы болмаған.

Журналистика мамандығы бойынша білім алып жүрген Баянның тұңғышы "Қазақстанда оқу ойымда жоқ, бірақ шетелде алған білімімді осында көрсетемін. Болашақта журналистика саласында жұмыс істейтін боламын" дейді.

Сонымен қатар, ол әзірге тұрмысқа шығуды мүлдем ойламайтынын айтты.

"Мен әлі жаспын, небәрі 21 жастамын, сондықтан әлі ерте деп ойлаймын", - деді продюссердің танымал қызы.

Телевизия саласындағы алғашқы жұмысын небәрі алты жасында бастаған Айсәуле, жеке бағдарламанын жүргізуші болған. Бірінші жалақысына анасына мерекеге арнап сөмке алып бергенін айтқан ол, биылда ерекше сыйлық дайындап жатқанын атап өтті.

Дегенмен, ол анасына арнаған сыйлығын құпия қалдыруды жөн көрді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
20
0
7
2
1
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір