RU
Күтпеген жерден тіріліп кеткен марқұм дәрігерлерді шошытып жіберді
Жаңалықтар Әлемде

Күтпеген жерден тіріліп кеткен марқұм дәрігерлерді шошытып жіберді

Рассказать Вконтакте

Дәрігерлер жол апатынан қайтыс болды деп үкім шығарған үнді жігіт ота алдында оянып кетті деп хабарлайды jauns.lv сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: jauns.lv

Фото: jauns.lv

Үндістандық Химаншу Бхарадвадждың мәйітханада басынан өткен оқиғасы мәңгі есінде қалатыны сөзсіз. Химаншуды марқұмдар қатарына қосып, денесін тілуге кіріспекші болған дәрігер оның жүрек соғысын сезіп, әрекетін бірден тоқтатқан.

Жол апатынан кейін ауруханаға жеткізілген жігіттің жағдайы өте нашар болған. Дәрігерлер аса ауыр жарақаттары кесірінен оның миы мен жүрегі өз жұмысын тоқтатты деген шешімге келеді.

Фото: jauns.lv

Фото: jauns.lv

Марқұм саналып кеткен Химаншудың денесі мәйітхана бөліміне ауыстырылады. Ондағы мамандар өз жұмысын бастар алдында, жігіттің тірі екенін аңғарып аң-таң болып қалған.

Куәгерлердің айтуынша, жеке палатаға ауыстырылған жас жігіт өзінің тірі екенін дәлелдеу үшін тіпті аурухана қызметкерлеріне іс-қимылға жарамды екенін көрсетуге мәжбүр болған-ды.

Болған оқиға қалың көпшілік арасында үлкен резонанс тудырған. Тіпті аурухана алдына жиылған халық дәрігерлер салғырттығына өз наразылықтарын ашық айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
5
7
3
4
20
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір