RU

БҚО дүкендерінде Ресей елінің туы бейнеленген тәттілер сатылымға шықты (фото)

Белгілі журналист Асқар Ақтілеу Instagram парақшасында Ресей елінің таңбасы бейнеленген тәттілерді Ақтөбе дүкендерінің бірінен түсіріп алған деп хабарлайды NUR.KZ.

БҚО дүкендерінде Ресей елінің туы бейнеленген тәттілер сатылымға шықты (фото)
БҚО дүкендерінде Ресей елінің туы бейнеленген тәттілер сатылымға шықты (фото): UGC
Асқар Ақтілеу суретті Ақтөбе қаласындағы ірі сауда орындарының бірінен түсіріп алған. «Кәсіби мереке құтты болсын!» деген құттықтау жазылған тәттіде көрші елдің туы бейнеленген.
Тәттілердің суретін желіге жүктеген журналист, оның астына: «Ақтөбедегі гипермаркеттердің бірінен көрдім. Ресей Федерациясы», - деп жазып қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1720619-bko-dkenderinde-resej-elini-tuy-bejnelengen-tttiler-satylymga-sykty-foto.html