RU
Шымкенттік полицейлердің ісіне қатысты қызметтік тексеріс басталды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкенттік полицейлердің ісіне қатысты қызметтік тексеріс басталды

Рассказать Вконтакте

Атышулы шымкенттік полицейлердің әрекетіне байланысты ОҚО ІІД түсініктеме берді. Пагондылардан зәбір көрген Салауат Асқаровтың БАҚ өкілдеріне ұсынған бейнежазбасынан кейін полицейлерге қатысты қызметтік тексеру жұмыстары басталған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: liter.kz

Көрнекі фото: liter.kz

"Сот орындаушы арызданушының үстінен Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-не арызданған, сол арыз бойынша әл-Фараби ПБ-нің қызметкерлері аталған мекен-жайға барып, түсініктеме алмақшы болған. Алайда, 1979 жылы туған азамат мас халде қарсылық көрсетіп, тәртіп сақшыларына бағынбай, қарсылық білдірген.
Қазіргі таңда аталған жайт бойынша қылмыстық құқықбұзушылықтың белгісі болмағандықтан қылмыстық іс тоқтатылды. Әл-Фараби ПБ-нің қызметкерлеріне қатысты қызметтік тергеу жүргізу үшін ОҚО ІІД ӨҚБ-мен жеке құрам инспекциясына ұсыныс жолданып, қызметтік тексеру жүргізілуде", - деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Бұған дейін 39 жастағы Шымкент тұрғыны Салауат Асқаровтың өзін полицейлердің қорлағанын айтып, видеоны БАҚ беттерінде жариялап жіберген еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
2
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel