RU
Қырғыз президенті билікке туыстарын жолатпауға уәде берді
Жаңалықтар Әлемде

Қырғыз президенті билікке туыстарын жолатпауға уәде берді

Рассказать Вконтакте

Қырғызстан президенті Сооробай Жээнбеков БАҚ басшыларымен кездесу кезінде өзінің туыстары мемлекет басшысының жұмысына араласпайтынын мәлімдеді деп хабарлайды centralasian.org-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сооробай Жээнбеков

Сооробай Жээнбеков

Оның сөздерінше, көбі мемлекеттік лауазымды қызметке туыстарын тағайындайды ма деп қорқады. Атап айтқанда өзінің кіші бауыры Асылбек Жээнбековке қатысты көп сөз ереді дейді.

"Олар өздерінің жұмыстарын жақсы жүргізіп жатыр. Мен Ақаев пен Бакиевтің тағдырларының қалай болғанын көрдім. Мен алты жылдан кейін басымды көтеріп, адамдармен еркін кездескім келеді", - деді ол.

Асылбек Жээнбеков парламент спикері болған. Бірақ Сооронбай Жээнбеков премьер-министрлікке ұсынылған кезде, ол қызметінен кеткен.

Кейін Социал демократиялық партия Сооронбай Жээнбековті президенттікке ұсынды. Қазір Асылбек Жээнбеков - парламент депутаты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel