Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украиналық ғалымдар күйеуге қалай тез шығуға болатынын анықтады

Опубликовано:

Ғалымдар шегіргүл (фиалка) әйелдерге күйеуге шығуға "көмектесетінін" дәлелдеп шықты, деп жазды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Украиналық ғалымдар күйеуге қалай тез шығуға болатынын анықтады
Украиналық ғалымдар күйеуге қалай тез шығуға болатынын анықтады: UGC

Украиналық сарапшылар әйелдер арасында сауалнама жүргізіп, үйінде шегіргүл өсіретін қыз-келіншектердің басым көпшілігі тұрмыс құрғанын анықтады.

"Осы гүлдің арқасында әйелдердің ағзасында окситоцин бөлінеді. Бұл гормон нәзік жандарға ұқыпты, биязы әрі адал болуға "көмектеседі", бар мәселе осында, өйткені ер азаматтар болашақ жарының бойынан осы қасиеттерді көргісі келеді", — деп қорытынды жасады зерттеушілер.

Ғалымдар шегіргүлге ерекше күтім қажет екенін атап өтті. Оған су құю режимін сақтап, бөлмедегі ылғалдылық пен температураны (кем дегенде 22 градус жылы) қадағалап отыру керек.

Психологтар мұндай гүлдерге ерінбей күтім жасай алатын әйелдер міндетті түрде ер азаматтардың жүрегіне жол табады деп есептейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1720643-ukrainalyk-galymdar-kjeuge-kalaj-tez-syguga-bolatynyn-anyktady/

pixel