RU
Назарбаев: Қазіргі қазақтың қыздары қандай болса, ертең тұтас ұрпақ сондай болады
Жаңалықтар Қоғам

Назарбаев: Қазіргі қазақтың қыздары қандай болса, ертең тұтас ұрпақ сондай болады

Рассказать Вконтакте

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев нәзік жандыларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Нұрсұлтан Назарбаев

Нұрсұлтан Назарбаев

"Ең алдымен баршаңызды көктем мерейін ала келген тамаша мереке - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күн асыл ананы, сүйікті жарды, қадірлі қарындасты мейірімге бөлейтін ерекше мереке екенін білеміз. Қазақта «Ұл туса - ұрпағым өседі, қыз туса ұлтым өседі» деген ұлағатты сөз бар. Кең байтақ Ұлы даламызда есімдері ел мақтанышына айналған ардақты аруларымыз аз емес. Әйел әсемдік пен әдеміліктің, көрегендік пен көркемдіктің, береке мен бірліктің символы болып табылады", - деді елбасы.

Сонымен қатар президент қазіргі жаһандану заманында қазақ қыздарына тән асыл қасиеттерді сақтап қалу керектігін, бүгінгі бойжеткен - ертеңгі ана, ұрпақ тәрбиелеушісі екенін қыздарымыз ұмытпаса екен деген тілегін білдірді.

"Қазіргі қазақтың қыздары қандай болса, ертең тұтас ұрпақ сондай болады. Сондықтан, ар-намыс, адалдық пенен адамгершілік, ізгілік пен қайырымдылық, әдептілік секілді асыл қасиеттер қазақ аруларының бойындағы ұлттық имунитет іспетті. Біз аруларды ардақтап, оларды киелі шаңырақтың алтын діңгегіне айналдырған елміз. Бір заманда бабаларымыз «Әйел ырысың, қыз өрісің, келінің тынысың» деген. Бүгін Сіздер ұлыстың ұйыққысына, ұлттың ұятына, берекенің бастауына айналдыңыздар. Себебі, біз Тәуелсіз елде тұрып жатырмыз. Саясаттың бәрін өзіміз шешіп жатырмыз. Татулық пен тұрақтылықтың бағасын ақ жаулықты аналардан артық ешкім білмейді", - деді Назарбаев.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
1
10
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel