RU
Павлодар облысы 37 жастағы әйел қаза болып, тағы бір адам жансақтау бөліміне түсті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Павлодар облысы 37 жастағы әйел қаза болып, тағы бір адам жансақтау бөліміне түсті

Рассказать Вконтакте

Павлодар қаласына қарасты Кенжекөл ауылында екі бөлмелі ағаштан салынған үй толығымен жанып кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

"Үйдің төбесі өртеніп, толығымен опырылып түскен. Өрт сөндірушілер келгенге дейін облыстық балалар ауруханасына 70 пайыз күйік шалған 17 жастағы ұл бала жеткізілді. Қазіргі таңда жасөспірім жансақтау бөлімінде жатыр", - деді ТЖД.

Сонымен қатар оқиға орнынан 37 жастағы әйел адамның денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына тұрмыстық электр құралдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Сағат 16.11-де орын алған өрт сағат 19.05-те толығымен сөндірілген. Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан үш техника мен 11 адам жұмылдырылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір