RU
Петропавлдық полицейлер қыз-келіншектерді мерекемен ерекше құттықтады (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Петропавлдық полицейлер қыз-келіншектерді мерекемен ерекше құттықтады (видео)

Рассказать Вконтакте

Петропавлдың тәртіп сақшылары қаладағы қыз-келіншектерді ерекше флешмоб ұйымдастырып құттықтады. Сондай-ақ, полицейлер нәзік жандар көп еңбек ететін ұжымдарға бас сұғып, оларға тосыннан гүлдер сыйлаған деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Петропавлдық полицейлер қыз-келіншектерді ерекше құттықтады (видео)

Петропавлдық полицейлер қыз-келіншектерді ерекше құттықтады (видео)

Флешмобқа полицияның 50 қызметкері қатысқан. Әдетте, ауыр қылмыстарға қатысты ұстау операцияларына ғана тартылып, бет-жүзін де көрсетпейтін арнайы жасақ жігіттерінің гүл иіскеп тұрған мейірімге толы көздері ешкімді бей-жай қалдырмады.

Айналып тұрған сегіз саны, лүпіл қағатын жүрек бейнеленген таспаны тәртіп сақшылары әлеуметтік желіге жүктеген екен. Бір күнде 40 мың адам көрген роликтің соңына қыз-келіншектер мыңдаған жылы лебіздерін қалдырыпты.

Сондай-ақ, бұл күні тәртіп сақшылары қаланың ауруханалары мен мектептерінде қызмет ететін келіншектер мен өз әріптестеріне тосыннан гүл сыйлады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel