RU
Сапарбаев өзін Сапарбаев қылған адамның кім екенін айтты
Жаңалықтар Қоғам

Сапарбаев өзін Сапарбаев қылған адамның кім екенін айтты

Рассказать Вконтакте

Бүгін Бердібек Сапарбаев ақтөбелік журналистермен галстуксыз кездесу өткізді. Жергілікті тілшілер әкімнен Сапарбаевтың Сапарбаев болуына үлес қосқан адам туралы сұрады деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Сапарбаев өзін Сапарбаев қылған адамның кім екенін айтты

Сапарбаев өзін Сапарбаев қылған адамның кім екенін айтты

"Менің өмірбаянымды сіздер білесіздер. Мен ауылдың баласымын. Анам да ауылдың қарапайым әйелі. Менің осындай болуыма ең бірінші себепкер адам ол - анам. Анамның тәрбиесі, қарапайымдылығы, ақ көңілділігі, жүрегінің жылуы берілді. Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс істеген кезде ата-анам Қызылорда облысында тұрды. Келген сайын: "Балам қандай тамақ ішесің?" деп сұрайды. "Апа, мен бір облыстың әкімімін, өзімнің әйелім бар. Солар тамақ дайындап береді ғой десем жоқ, олар мен сияқты дайындай алмайды" деп жатады. Сондықтан адамның бойындағы барлық қасиет ананың ақ сүтімен беріледі", - деді Бердібек Сапарбаев.

Әкім 40 жыл отасқан әйеліне деген ықыласын да жасырмады.

"Екінші тек деген болады. Тексіз ештеңе шықпайды. Үшінші, әрине қасыңда жүрген жолдасың. Жолдасым да мен секілді қарапайым отбасынан шыққан. Менімен бірге 40 жылдан бері келеді. Менің Сапарбаев болуыма сол кісілердің әсері бар", - деді әкім.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
4
2
8
83
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel