Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас мүфти бүгінгі заманның батыр аналарына құрмет көрсетті (фото)

Опубликовано:

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз әйелдер мерекесі қарсаңында бүгінгі заманның батыр аналарына құрмет көрсетті деп хабарлайды muftyat.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: muftyat.kz
Фото: muftyat.kz: UGC

Олардың арасында танымал жазушы Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова, белгілі қоғам қайраткері, тіл жанашыры Асылы Осман, филология ғылымдарының докторы, көрнекті ғалым Айгүл Ісімақова, 17 жылда 628 баланы бауырына басқан батыр ана Тұяқ Есқожина бар.

Фото: muftyat.kz
Фото: muftyat.kz: UGC

Кездесуде Серікбай қажы Сатыбалдыұлы мүфтият өзінің діни қызметі аясында биылғы жылды "Ислам және отбасы" деп атағанын жеткізді.

"Құдайға шүкір, бәріміз де ұл-қыз, немере өсіріп отырмыз. Олардың ертеңгі болашағына алаңдаймыз, тәрбиесі үшін қам жейміз. Отанның өзі отбасынан басталады емес пе? Еліміздің жан-жақты дамуы тектілікке тәрбиеленген ұлағатты ұрпаққа тікелей байланысты. Қазір жастарды қазақы дәстүр мен имандылық тұрғысынан тәрбиелеуге көңіл бөліп отырмыз. Зейнеп апа, Айгүл ханым, Асылы апай, сіздердің жастарға айтып жүрген ақыл-кеңестеріңізді көріп-естіп жүреміз. Қаншама жетім баланы бауырына басып, қамқорлығына алған Тұяқ апаның сауапты ісі ерлікке пара-пар амал деп есептеймін. Сіздер бүгінгі тәуелсіз еліміздің батыр аналарысыздар. Баршаңызға Алла разы болсын. Бәріміздің мақсатымыз бір ғой. Ол – ұлағатты ұрпақ сабақтастығын қалыптастыру", – деді Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.
Фото: muftyat.kz
Фото: muftyat.kz: UGC

Жылы жүзді кездесу соңында қоғам қайраткерлері Бас мүфтиге жүрекжарды тілегін жеткізіп, алғыс білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1720672-bas-mfti-bgingi-zamanny-batyr-analaryna-krmet-krsetti-foto/

pixel