RU
"Қарағанды-Астана" тас жолында 50-ге жуық көлік кептеліп қалды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

"Қарағанды-Астана" тас жолында 50-ге жуық көлік кептеліп қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Ауа райының күрт құбылуына байланысты "Қарағанды - Астана" тас жолында 50-ге жуық көлік кептелісте қалды, деп хабарлайды Қазақпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің өкілі Бақытжан Құдияровтың сөзінше, ауа райыны қолайсыздығына байланысты "Қарағанды-Астана" тас жолының Осакаровка маңайында көліктердің кептелісі пайда болған.

Оның айтуынша, шамамен 20 жүк көлігі мен 30-дан астам жеңіл автокөлік кептелісте қалған. Сондай-ақ, оқиға орнында жеңіл-желпі жол-көлік оқиғалары тіркеліп отыр. Зардап шеккендер жоқ екен.

Қазіргі уақытта оқиға орнында жергілікті полиция мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel