RU
БҚО-да полицейді балағаттаған тұрғын сотталып кетті
Жаңалықтар Қоғам

БҚО-да полицейді балағаттаған тұрғын сотталып кетті

Рассказать Вконтакте

БҚО-ның Қаратөбе ауданында полиция қызметкеріне қол көтерген тұрғын сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасағн NUR.KZ.

БҚО-да полицейдің ар-намысына тиген тұрғын сотталып кетті

БҚО-да полицейдің ар-намысына тиген тұрғын сотталып кетті

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Қаратөбе ауылының тұрғыны мас күйінде қызметтік міндетін атқарып жүрген жергілікті полиция қызметі ұйымдастыру мәселелері жөніндегі инспекторының ар-намысына тиетін сөздер айтып, балағаттаған.

Онымен қоймай, соққы жасаған.

Қаратөбе аудандық сотының үкімімен аталған тұрғын Қылмыстық кодекстің 378-бабы 1-бөлігі (билік өкіліне тіл тигізу), 380-бабына ( билік өкіліне күш қолдану) сәйкес айыпты деп танылып, оның бір жылға бас бостандығы шектелді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір