RU
Баян Мақсатқызы «Сиситай» фильмін түсіруге не әсер еткенін айтып берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Баян Мақсатқызы «Сиситай» фильмін түсіруге не әсер еткенін айтып берді

Рассказать Вконтакте

Жақында ғана елімізде көрсетілімге шыққан «Сиситай» фильмі жайында Баян Мақсатқызы баяндап берді. Ол бұл жанрдағы фильмді түсіруге неліктен кіріскені жайында айтты деп хабарлайды «Ревю» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Баян Мақсатқызы «Сиситай» фильмін не үшін түсіргенін айтып берді

Баян Мақсатқызы «Сиситай» фильмін не үшін түсіргенін айтып берді

Мюзикл жанрындағы фильмді Қазақстанда болмағандықтан, бұл істі өзім қолға алуға тырыстым. Мен кейіпкерімді көргенде фильмді қалайда түсіруім керек екенін түсіндім», - деді Баян Мақсатқызы.

Ал фильмнің тұсаукесеріне жиналған өнер иелері өздерінің пікірлерімен бөлісті.

«Өте керемет фильм», - деді Мәдина Сәдуақасова.
«Жақында ғана «Величайший шоумен» фильміне бардым. Міне енді салыстыруға болатын фильм пайда болды. Әрине, ол Голливуд. Бірақ, Баян Қазақстан үшін керемет фильм жасап шықты», - деді Мұрат Мұтырғанов.
«Мен әдетте көп мақтамаймын. Бірақ, бұл фильмнің музыкасы керемет болды. Басынан-аяғына дейін мақтауға тұрады», - деді Алуа Қонарова.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Алуа Қонарова мен Баян Мақсатқызының татуласқан видеосы желіге тарап кетті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
11
5
4
1
2
9
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір