Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баян Мақсатқызы еліміздің секс-символы Қайрат Нұртас екенін мәлімдеді

Опубликовано:

Баян Мақсатқызы еліміздің секс-символы Қайрат Нұртас екенін атап өтті. Продюсердің пікірінше, қазіргі қыздардың мүмкіндігі болса, Қайрат Нұртасты таңдайтынын айтты деп хабарлайды «TalkLike» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Баян Мақсатқызы еліміздің секс-символы Қайрат Нұртас екенін мәлімдеді
Баян Мақсатқызы еліміздің секс-символы Қайрат Нұртас екенін мәлімдеді: UGC
«Әйелдер Қайрат Нұртасты қалайтынын жасырмай айтады. Мұның өзі біраз нәрсені анықтап тұр. Қазақстанның замануи секс-символы Қайрат Нұртас», - деп атап өтті.

Сондай-ақ продюсер өзін символ санамайтынын айтты. Продюсердің айтуынша, қазақстандық ер адамдар қыздың сұлулығын тек іштей бағалағанымен, ашық түрде айта алмайды екен.

Ал қазақстандық қыздар арасында Кәмшат Жолдыбаеваны секс-символ деп атады.

«Оның нәзіктігі, оның салалы саусақтары, оның тартымды келбеті мен ернін өзгелер сөз еткенімен, ашық айта алмайды. Менің ойымдағы, секс-символ ол Кәмшат Жолдыбаева», - деді Баян Мақсатқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1720690-baan-maksatkyzy-elimizdi-seks-simvoly-kajrat-nrtas-ekenin-mlimdedi/

pixel