RU
Қазақстандықтар халықаралық әйелдер күні мерекесін атап өтуде
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандықтар халықаралық әйелдер күні мерекесін атап өтуде

Рассказать Вконтакте

Қазақстан халқы "8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні" мерекесін атап өтуде деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: pyzh.livejournal.com

Көрнекі фото: pyzh.livejournal.com

1857 жылы Нью-Йорктегі тігін фабрикасында жұмыс істеген әйелдер қауымы бас көтеріп, теңдік мәселесін алға қойған. Олар жалақыны теңестіріп, 16 сағаттық жұмыс күнінің азайтылуын талап еткен.

Ал 1908 жылы кезекті шеруге шыққан 15 мыңнан астам нәзік жанды сайлау құқығын алуды көздепті. Ақыры әйелдер діттегендері жетіп, 1909 жылдан бастап АҚШ-та 8 наурыз ұлттық әйелдер күні деп бекітілген.

Ал 1910 жылы Копенгагендегі әйел социалистердің халықаралық конференциясында герман және халықаралық жұмысшы қозғалысының қайраткері Клара Цеткиннің ұсынысы бойынша наурыздың 8-ін Халықаралық әйелдер күні ретінде атап өту туралы шешім қабылданған.

1914 жылдан кейін көп елдерде осы күн әйелдер мерекесі ретінде аталатын болды. Бұл күн - әйелдер құқын қорғау және халықаралық бейбітшілік күні.

1975 жыл — Халықаралық әйелдер жылы боп аталғаннан кейін, сол жылдан бастап БҰҰ ресми түрде наурыздың 8-ші күнін Халықаралық әйелдер күні етіп бекітті.

Қазақстан да бұл мерекеге аса мән беріліп, осы күні елорда мен барлық облыстарда мерекелік шаралар ұйымдастырылады.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әйелдер қауымы өкілдерімен "Көктем шуағы" атты кездесуінде еліміздегі барша әйелдерді 8 наурыз - халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel