RU
Ақтаулық мұғалім мектепте қайтыс болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақтаулық мұғалім мектепте қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Ақтауда №8 орта мектептің мұғалімі қайтыс болды. Жедел жәрдем қызметкерлерінің көрсеткен көмегіне қармастан әйел адам көз жұмған деп хабарлайды lada.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақтаулық мұғалім мектепте қайтыс болды

Ақтаулық мұғалім мектепте қайтыс болды

Басылымның жазуынша, Маңғыстау облысының жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы диспетчерлік бөліміне 7 наурыз сағат 11:40-та хабарлама түскен.

Дәрігерлер келгенше әйел адам ес-түзсіз жатқан. Жарты сағат бойы ақ халаттылар реанимациялық іс-шаралар жүргізген. Алайда 47 минуттан кейін мұғалім көз жұмған.

Маңғыстау облысының жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Рахымжан Елтаевтің сөзінше, әйелдің өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз.

"Өлімнің себебі тексерістен соң анықталатын болады. Жансақтау шаралары нәтиже бермеді. Мектеп қызметкерлерінің сөзінше, марқұм бірнеше күннен бері қан қысымының көтеріліп жүргендігі туралы айтқан. Ол диспансерлік есепте тұрмаған және дәрігердің көмегіне жүгінбеген", - дейді Рахымжан Елтаев.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
6
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel