RU
Астаналық қыздар өмірден жалғыз өтпеу үшін серігін іздеуге белсенді түрде кіріскен
Жаңалықтар Қоғам

Астаналық қыздар өмірден жалғыз өтпеу үшін серігін іздеуге белсенді түрде кіріскен

Рассказать Вконтакте

Елордалық арулар 8 наурыз мерекесін өзінің сүйіктілермен атап өтіп жатқанда, жалғызбасты қыздар өз маxаббатын белсенді түрде іздестіруге кіріскен. Олар әрбір 7 минут сайын серігі ауысып отыратын кездейсоқ кездесулерге барып жатыр деп xабарлайды NUR.KZ.

Фото: uslugi.kz

Фото: uslugi.kz

Мереке күндері сүйіктілері жоқ астаналық бойжеткендерге арнайы жабық түрде өтетін ақылы кештер өткізіліп жатыр. Мұндай форматтағы отырыстың қонағы болу үшін 4000 теңге төлесеңіз болғаны.

Атаулы кездесулердің ерекшелігі - кім кіммен уақыт өткізетінінен бейxабар болады.

Айта кетейік, кездесу тек 5-7 минутқа созылады. Уақыт аяқталған соң, келесі адам отырып тағы да жаңа таныстық басталады.

Арнайы кездесулерді ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесуге келетін адамдар тізімі алуан түрлі болмақ. Шамамен 20 шақты адам жиналған соң, бір мейрамxанада жабық форматтағы кеш ұйымдастырылады. Алайда қыздар мен жігіттер саны өзара тең түсуі - шарт.

Олардан басқа мейрамxанада ешкім болмайды. Әрбір қатысушыға өзінің жекелеген реттік нөмірі табысталады.

Қыздар мерекесі болған соң, бойжеткендер үстел үстінде отырады. Ал жігіттер өз кезегінде, 7 минут сайын үстелді алмастыра көшіп жүреді. Мақсат - бәрімен танысып үлгеру.

Азғантай уақыт ішінде адамды барынша танып білуге тырысу керек. Кеш соңында қатысушылар өзіне ұнап қалған адам жайлы ақпарат тастап кетеді. Егер екі адам бір-біріне ұнап қалған жағдайда, ұйымдастырушылар оларға ұялы телефон нөмірлерін табыстайды.

Жастардың ары қарай кездесулері өз қолдарында болады.

"Мұндай іс-шаралар маxаббаттарын әлі кезіктірмегендерге көмектесері сөзсіз", -дейді ұйымдастырушылар.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
3
0
1
4
26
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір