RU
Ақтөбелік сарбаздар мерекеде жақындарына жан тебірентер хат жазды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбелік сарбаздар мерекеде жақындарына жан тебірентер хат жазды (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбедегі 66/55 бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген 100-ден аса сарбаз аналарына хат жазды. Әскери бөлімде "Анаға хат" акциясын өткізуге облыстық ішкі саясат басқармасы ұсыныс тастаған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Ғашығым күтуге серт берді: Сарбаздар мерекеде жақындарына жан тебірентер хат жазды (фото)

Ғашығым күтуге серт берді: Сарбаздар мерекеде жақындарына жан тебірентер хат жазды (фото)

"Әжеме әкемді тәрбиелегені үшін алғыс айттым"

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы Ақалтын ауылынан келген Қазбек Құдайберген мерекелік хатын әжесіне арнаған.

Ғашығым күтуге серт берді: Сарбаздар мерекеде жақындарына жан тебірентер хат жазды (фото)

Ғашығым күтуге серт берді: Сарбаздар мерекеде жақындарына жан тебірентер хат жазды (фото)

"Әскерге келгеніме үш ай болды. Әр демалыс сайын отбасымызға хат жазғызады. Бүгінгі мерекеде мен әжеме бірінші рет хат жазып отырмын. Ол бүгін мерекемен қатар келетін туған күнін де тойлайды. Әжеме сағынғанымды, әкемді тәрбиелегені үшін алғыс айттым. Бұл хатта анамды да құттықтадым. Мен біліп отырмын, бұл хатты олар бірге отырып оқиды",-дейді Қазбек Құдайберген.

"Мама, сіз жасайтын бешбармақ пен тұшпараны сағындым"

Көкшетау облысынан келіп, Ақтөбеде әскери борышын өтеп жатқан сарбаз Нұрлыбек Қали аз қалған әр күнін санап жүр.

Ғашығым күтуге серт берді: Сарбаздар мерекеде жақындарына жан тебірентер хат жазды (фото)

Ғашығым күтуге серт берді: Сарбаздар мерекеде жақындарына жан тебірентер хат жазды (фото)

"Мама, мерекеңмен! Саған бақытқа толы махаббат тілеймін. Амандық болса жақында орталарыңа ораламын. Толқып тұрмын. Қиындықтың бәрі артта қалды. Әскерден келген соң үйленіп, сізге сүйкімді немерелер сыйлайтын боламын. Сіздің бешбармақ пен тұшпараңызды қатты сағындым. Папаға қараңыздар",-дейді 66/55 әскери бөлімі ІІІ ротаның қатардағы жауынгері Нұрлыбек Қали.

"Ғашығым әскерден келгенше күтуге серт берді"

Қызылордадан келген қатардағы жауынгер Данабек Жаңғазы мерекелік хатын ғашығына арнаған.

"Осында Қазалы ауданынан келдім. Мерекелік хатымды қызыма арнап отырмын. Келгелі ол адамға үш рет хат жаздым. Роза Наурызбай есімді қызға ғашықпын. 13 наурыз күні жүріп жатқанымызға бір жыл болады. Кетерде "күтем" деп серт берді, мен сенемін. Оған мерекеге жүрегімнен шыққан өлең жолдарын жолдап отырмын. Осы өлеңнің ішінде бәрі жазылған", - дейді Данабек Жаңғазы.
Ғашығым күтуге серт берді: Сарбаздар мерекеде жақындарына жан тебірентер хат жазды (фото)

Ғашығым күтуге серт берді: Сарбаздар мерекеде жақындарына жан тебірентер хат жазды (фото)

Сарбаздардың хатын уақытында жеткізу үшін пошта қызметінің мамандары да арнайы келген.

"Телефонмен хабарлама қалдыру, қоңырау соғу екі минуттық қана қуаныш. Хатты келесі күні де, бір айдан кейін де оқи аласыз. Хат оқу жүректерге ерекше қуаныш береді. Біз сарбаздардың аналарына лебіз білдіруін қадағалайтын боламыз", - дейді 66/55 әскери бөлімінің қызметкері Денис Ча.

Сонымен қатар, әскери бөлім жауынгерлеріне мерекеде аналарына қоңырау соға алады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
2
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір