RU
Головкин допинг дауына ілінген "Канелоға" қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар Әлемде

Головкин допинг дауына ілінген "Канелоға" қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин қарсыласы Сауль Альварестің допинг дауына байланысты пікірін білдірді деп хабарлайды prosports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Головкин мен "Канело". фото: hbo.com

Головкин мен "Канело". фото: hbo.com

"Допингке қарсы агенттік «Канелоның» қанынан тыйым салынған дәрумен табылғанын мәлімдеді. Ал ол бұл жағдайды өз отанынан әкелінген етті жеуден болды деп түсіндіріп отыр. Егер шынымен сапасыз ет пен сүт тұтынудан туындаған мәселе болса, онда оның командасын кінәлаған жөн. Нағыз кәсіпқойлар өзінің қандай тамақ жеуі керек екенін білуі керек еді.
Осы қателіктерінің кесірінен олардың нашар имиджі қалыптасты. Адамдар оны спорттың тазалығына қарсы әрекет жасауда деп бағалайтын болады. Менің ойымша, бар айып оның командасында", - дейді GGG.

Естеріңізде болса, Головкиннің қарсыласы мексикалық Сауль Альварес допинг тесттен өте алмаған болатын.

Ал боксшының өзі қанынан табылған дәрумен сапасыз ет жегеннен болуы мүмкін екенін айтқан еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
2
3
1
2
29
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel