RU
Әйелінің көзіне шөп салып жүрген ер адамның масқарасы шықты (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Әйелінің көзіне шөп салып жүрген ер адамның масқарасы шықты (фото)

Рассказать Вконтакте

Google карталары арқылы адамдар өмірінен қызықты мәліметтер күннен күнге көбейіп жатыр. Осы жолы мексикалық тәртіп сақшысының әйеліне адал емес екендігі мәлім болды деп xабарайды La Republica-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

фото: larepublica.pe

фото: larepublica.pe

Белгілі болғандай полиция қызметкерінің жұбайы Google Maps арқылы күйеуінің жұмыс орнын көрмекші болып күтпеген жағдайға тап болған. Жұмыс орны ғимаратын қарамақ болған әйел оның алдында сүйіктісінің өзге бикешті құшақтап тұрғанын көріп, таңырқап қалады.

Болған жайтты көзге шөп салу емес, барып тұрған фотошоп деп ақталуға тырысқан ер адамның бәрбір ойлағаны іске аспады.

фото: larepublica.pe

фото: larepublica.pe

Алданып қалған әйел бірден ажырасуға арыз берген.

Шетелдік басылымдардың мәліметінше, бұл қосымша осымен бірнеше отбасын ойран етсе керек.

Оған қоса қылмыскерлердің әрекеттері мен түсініксіз құбылыстардың да қосымша назарына іліккен кездері де болған.

Сіздің реакцияңыз
7
8
2
0
0
13
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel