RU
Шымкенттік ару Баян Алагөзовадан төсінің өлшемін сұрап састырды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Шымкенттік ару Баян Алагөзовадан төсінің өлшемін сұрап састырды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық танымал продюсер Баян Алагөзова су жаңа туындысы "Сиситай" фильмін шымкенттік көрерменге таныстырды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Баян Алагөзова "Сиситай" фильмін шымкенттіктерге таныстырды. Фото NUR.KZ

Баян Алагөзова "Сиситай" фильмін шымкенттіктерге таныстырды. Фото NUR.KZ

Продюсер шымкенттік көрерменге өз туындысын таныстыру барысында келушілер тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап берді.

Оның айтуынша, "Сиситай" фильмін түсіруді ол тағатсыздана күткен. Себебі соңғы бес жылдан бері толық метражды фильм түсірмеген.

"Бес жыл болды кино түсірмедік, тек сериал түсірдік. Үлкен экранды сағынып қалдық. Осы жылдар ішінде сай келетін идея болмады" , - деп ағынан жарылған продюсерге шымкенттік бір бойжеткен өзін тосын сұрақ қойды.

Ол Алагөзова ханымның киносы емес, көкірегінің өлшемі қызықтыратынын алға тартты.

"Мен кино туралы білгім кеп тұрған жоқ, сіздің төсіңізді өлшемін білгім келеді" деген сауалға продюсер сасып қалған болу керек, "Достар, бұл шымкентше емес қой", - деп қысқа ғана қайырды.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
24
5
5
5
7
44
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel