RU
Бейтаныс әйелдің маңдайынан сүйген Путин жұртты қызықтырып қойды (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Бейтаныс әйелдің маңдайынан сүйген Путин жұртты қызықтырып қойды (фото)

Рассказать Вконтакте

3 наурыз күні "Лужники" стадионында Владимир Путиннің сайлауалды штабының ұйымдастыруымен ауқымды іс-шарасы өтті. Жиынға жүз мыңға жуық адам қатысқан. Олардың арасында көптеген шоубизнес өкілдері бой көрсетті деп xабарлайды Instagram newsblock_tv парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: newsblock_tv

Фото: newsblock_tv

Атақты саясаткер көпшілік алдында сөз сөйлеп, Тимати, Олег Газманов, Полина Гагарина және Зара іспеттес жұлдыздармен әнұран орындады.

Бұл жиында кейбір адамдарға Путинмен бірге сэлфи жасау бұйырған. Оған жиынға қатысушы әйелдің көшбасшымен желіге жүктеген суреті дәлел болмақ. Оның салған суретінде Ресей президенттінің бейтаныс әйелді маңдайынан сүйіп тұрғаны анық көрінеді.

Желіде тарап кеткен сурет жұрттың қызу пікірталасына себепкер болды.

Кейбіреулер тіпті, суреттің шынайылығына сенбей, әйелдің қасындағы ер адам Путин емес, тек оған қатты ұқсайтын актер деп жатқандар да табылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
2
0
0
1
25
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel