RU
ОҚО-да мектеп парталарын сатып жіберген директор жұрттың ашуына тиді
Жаңалықтар Қоғам

ОҚО-да мектеп парталарын сатып жіберген директор жұрттың ашуына тиді

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданына қарасты Қошқарата ауыл жұрты білім ошағындағы мүліктің талан-таражға түсулеріне наразылық танытты. Олар тіпті құзырлы органдарға да шағымданған деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

ОҚО-да мектеп директоры оқушыларға тиесілі парталарды сатып жіберген

ОҚО-да мектеп директоры оқушыларға тиесілі парталарды сатып жіберген

Ауыл тұрғындары мемлекеттік мекемеге тиесілі мүліктердің сатылып жатқанына бей-жай қарай алмайтындарын алға тартты.

Басынан дау арылмаған мектеп директорына қоңырау шалғанмен, орнында болмағандықтан тілшілер жауап ала алмаған.

Ауыл тұрғындарының арызын алған адвокат бұл дауға қатысты әлі күнге аудандық әкімдік пен білім беру басқармасы жауап бермегенін айтады.

Олар бассыздықтарды жіпке тізіп, прокуратураға дейін шағым түсірген. Әзірге олардан да жауап жоқ екен.

"Қараша айында тапсырылған арыздарға әлі жауап жоқ. Тек қолымызда прокурордың берген түсіндірмесі бар. Сыбайлас жемқорлық бөліміне жолданғаны жөнінде, одан кейін ешқандай жауап жоқ", - дейді заңгер, Қошқарата ауыл тұрғындарының сенімді өкілі Әділхан Берманов.
Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
3
2
0
1
4
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір