RU
Бір күнде қашқын атанған Тоқмәдидің ұсталғаны белгілі болды
Жаңалықтар Қоғам

Бір күнде қашқын атанған Тоқмәдидің ұсталғаны белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Тараздағы аруханалардың бірінде емделіп жатқан жерінен қашып кеткен қазақстандық бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің ұсталғаны жайлы мәлімет таралды деп хабарлайды Тengrinews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мұратхан Тоқмәдидің ұсталғаны жайлы ақпарат тарады

Мұратхан Тоқмәдидің ұсталғаны жайлы ақпарат тарады

Бұл мәліметті Ішкі істер министрлігі Жедел басқарма орталығының өкілдері растады, алайда олар бизнесменнің қалай ұсталғанын нақтыламады.

Орталықтағы кезекші қызметкер Мұратхан Тоқмәдиді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ұстағанын хабарлады.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, Тоқмәди Тараздағы №1 ықшамауданда ұсталған.

Айта кетерлігі, 8 наурыз күні әлеуметтік желілерде Мұратхан Тоқмәдидің қашып кеткені туралы ақпарат тараған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
0
3
1
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір