RU
Ақтөбелік әйел өзін "шошқаға" теңеген әріптесін сотқа берді
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбелік әйел өзін "шошқаға" теңеген әріптесін сотқа берді

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе тұрғыны өзін «шошқа» деп балағаттаған әріптесін сотқа беріп, 400 мың теңге көлемінде моральдық шығын өтеуді талап етті деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақтөбелік әйел өзін "шошқаға" теңеген әріптесін сотқа берді

Ақтөбелік әйел өзін "шошқаға" теңеген әріптесін сотқа берді

Басылымның хабарлауынша, жағдай Ақтөбедегі компанияның кеңсесінде әйелдер өзара ұрысып жатқан кезде болған. Осыдан кейін олардың бірі сотқа арызданып, өзін балағаттаған әріптесін жазалауды сұраған.

Ол арызында әріптесі өзін «шошқа» деп балағаттады деп жазған.

«Әйел бала күнінен артық салмаққа бейім болып келген. Сол себепті ол үшін мұндай сөз ауыр тиеді. Ол соттан әріптесін айыппұл арқылы жазалауды сұраған. Яғни кешірімі үшін 400 мың теңге талап етіп отыр. Ал айыпталушы өз кезегінде оны шошқаға теңемегенін, тек арадағы әңгімелерін диктофонға жазып алған әрекетін осылай сынағанын жеткізді», — деп жазылған басылымда.

Сот прокурордың айыбын негізсіз деп таныды. Себебі, әйел арадағы әңгімені келіспей тұрып жазған. Яғни оның еш айғағы жоқ.

Осылайша, сот айғақ жетіспеушілігін негізге ала отырып Татьянаны ақтап шықты. Енді ол керісінше өзін кінәлаған әріптесін сотқа беріп, моральдық шығын өтеуді талап ете алады

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
1
1
0
1
9
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel