RU
АҚШ-та мектептегі қанды оқиғадан кейін мұғалімдер қарумен жүретін болды
Жаңалықтар Әлемде

АҚШ-та мектептегі қанды оқиғадан кейін мұғалімдер қарумен жүретін болды

Рассказать Вконтакте

Флорида штаты парламентінің төменгі палатасы мектеп ұстаздарына қару алып жүруге рұқсат беретін заң жобасын қабылдады деп хабарлайды 24.kz.

АҚШ-та

Бұған дейін жобаны штат сенаты қарастырып, ұстаздардың полицияда арнайы тегін дайындықтан өтуі туралы түзетулер енгізіп, бекіткен. Енді құжатқа қатысты соңғы шешімді штат губернаторы Рик Скотт шығаруы тиіс.

Аймақ басшысы заңның мәтінін мұқият саралап шыққан соң ғана шешім қабылдайтынын жеткізді.

Ал жаңа заңда қаруды сатып алуға рұқсат етілетін жас мөлшерін 18-ден 21 жасқа дейін көтеру, шабуылға арналған қаруға шектеулер енгізу және оқу орындарындағы қарулы күзетшілердің санын арттыру да қарастырылған.

Бұл заң жобасы ақпанның 14-і күні Паркленд қаласындағы қайғылы оқиғаға қатысты қолға алынған.

Еске сала кетейік, ол кезде Николас Круз есімді мектептің бұрынғы оқушысы өз оқу орнына барып, балалар мен мұғалімдерге оқ жаудырып, 17 адамды мерт қылған еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
1
2
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel