Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 12 күн бойы зорлық көрген қыздың анасы сұмдық жайттың бетін ашты (видео)

Опубликовано:

Алматыда 12 күн бойы табылмаған жасөспірім қыздың анасы Нұрлыхан Рахимова сұмдық жайттардың бетін ашып, видеоүндеу жолдады деп хабарлайды NUR.KZ.

Алматыда 12 күн табылмаған жеткіншектің анасы сұмдық жайттардың бетін ашты (видео)
Алматыда 12 күн табылмаған жеткіншектің анасы сұмдық жайттардың бетін ашты (видео): UGC
"Бұзақылардың кесірінен және Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің немқұрайлылығынан мен Нұрлыхан Рахимова және менің қызым Әйгерім Рысбек биыл 8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін қайғымен қарсы алуға мәжбүр болып отырмыз.

Олай дейтініміз, биыл 23 ақпан күні сағат 14 00 шамасында менің 15 жасар қызымды Сабиров Назым есімді жігіт ұрлап алып кеткен. Біз отбасымызбен, әулетімізбен Айгерімді 3 күн бойы іздедік. Өз бетімізбен таппаған соң құқық қорғау органдарына шағымдандық.

Құқық қорғау органдары бұл жағдайға немқұрайлы қарап, жоғалған қызымызды 12 күн бойы таппады. Амалдың жоқтығынан біз БАҚ-қа шағымдануға мәжбүр болдық. Бұл оқиғаға қатысты бірнеше республикалық арналардан материал шыққаннан кейін ғана құқық қорғау органдары қозғала бастады.

Осылайша арада 12 күн өткенде ғана ІІБ қызметкерлері қызымды тапты. Белгілі болғандай, қызым Әйгерім Рысбекті бұзақылар әбден азаптап, 12 күн бойы қамауда ұстап зорлаған. Оны денесіндегі, басындағы жарақаттардан-ақ көруге болады.

Дегенмен Алматы қалалық Ішкі істер департаменті қылмыскерлерді ұзақ уақыт таба алмағанымен қоймай, менің қызымды үйден өзі қашып кеткен, үйіне өзі оралғысы келмеген деп жалған ақпарат таратып отыр.

Бұл ақпарат шындыққа мүлдем жанаспайды. Қызым Әйгерім Рысбектің сөзінше, оны әлеуметтік желіде танысқан Назым Сабиров есімді жігіт көлікке қинап отырғызып, белгісіз бір жердегі қараңғы бөлмеде қинап ұстап отырған және бірнеше жігіт болып зорлаған.

ІІД айтуынша, қазір бұл іс бойынша тергеу амалдары жүруде, алайда бізбен олар ешқандай байланысқа шықпай отыр. Таратқан ақпараты тек қыздың өзі үйден шығып кеткен және үйге оралғысы келмеген дегенге саяды.
Бұл тұста шикіліктер өте көп екенін айтқым келеді. Осы себепті мен "Нұр Отан" партиясы мен барлық құқық қорғаушы органдарының басшыларына, ҚР ІІМ, ҚР БАС Прокурорына, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жен сыбайлыс жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасына, Президент жанындағы балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Бәлиеваға, барлық БАҚ өкілдеріне жанайқайымды жолдаймын.
Осы істі қатаң бақылауларыңызға алып, қызымды ұрлап, оны зорлаған қылмыскерлер әділ жазасын алуын қамтамасыз етуіңізді сұраймын.
Аналық тілегім мен шағымымды аяқ асты етпеулеріңізді сұраймын. Президентіміз кез-келген қылмысқа «нөлдік» төзбеушілік қағидасын қоғамға сіңіруді айтып жатқанда мынадай бассыздықтың Алматы қаласында орын алуы дұрыс емес деп есептеймін", - дейді ашынған ана.

Аталмыш видеожазба таралған соң Алматы қалалық прокуратурасы бұл істі қолға алғандарын мәлімдеді.

Ведомство хабарлағандай, Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 3 тармағы және 126-бабы, 2 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалған.

Тергеу жұмыстарының жүргізілуін прокуратура өз бақылауына алып, жәбірленушінің жасына сәйкес процессуалды прокурор мен психолог тағайындалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1720820-almatyda-12-kn-bojy-zorlyk-krgen-kyzdy-anasy-smdyk-zajtty-betin-asty-video/

pixel