Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тек әйелдерге арналған арал әлем жұртын қызықтырып қойды (фото)

Опубликовано:

Финляндияда SuperShe деп аталатын арал Кристина Рот есімді әйелдің бастамасымен тек нәзік жандыларға арналған демалыс орны ретінде ашылып отыр деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

әйелдерге арал

Оның бар мақсаты – жүйке жүйесін ерлер тарапынан жасалатын қысымнан құтқарып, әйелге энергия жинауға көмектесу.

«Бұл аралда дәл қазір 5 әйел жиналды. Менің философиямның мақсаты – егер сіз өз айналаңызға ақылды, көрікті, сәттілікке қол жеткізген адамдарды жинасаңыз, өзіңіз де соның біріне айналасыз. Дәл осылай әйелдер аралға келіп, бойына рухани күш-қуат жинап демала алады», — дейді Кристина Рот.
әйелдерге арал

Аралда 4 әдемі каюта орналасқан, оған бар-жоғы 10 адам ғана сияды. Кәсіпкер болып, мол қаражатқа қол жеткізе білген жоба авторы осыған дейін ерлерден қысым көргенін және ақша табу үшін күнделікті жұмыс істеп, өзінің әйел екенін ұмытып кете жаздағанын айтты.

SuperShe аралы — фин архипелагының бар сұлулығын бойына жинаған, табиғаты бай, көрікті мекен. Ал оған екінің бірі келе алмайды. Электронды сайт арқылы өтініш берген әйелдер аттестациядан өтуі тиіс.

әйелдерге арал

Таңдаулы нәзік жандылар ғана бұл мекенге келіп, демала алады екен. Бастысы, бұл феминистік орта емес және әйелдерді категорияға бөлмейді, тек оптимист, үздіктерді жинауға талпынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1720847-tek-jelderge-arnalgan-aral-lem-zrtyn-kyzyktyryp-kojdy-foto/

pixel