RU
ШҚО-да шаңғы тебуге шыққан ер адам қар көшкінінде қалып, қаза тапты
Жаңалықтар Калейдоскоп

ШҚО-да шаңғы тебуге шыққан ер адам қар көшкінінде қалып, қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Риддер қаласынан 6 шақырым жерде көшкін астынан ер адамның мәйіті табылды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

ШҚО-да шаңғы тебуге шыққан ер адам қар көшкінінде қалып, қаза тапты

ШҚО-да шаңғы тебуге шыққан ер адам қар көшкінінде қалып, қаза тапты

ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1958 жылғы ер адам кеше таңғы сағат 10:30-да шаңғымен қала шетіне шығып кетіп, оралмаған. Марқұмды көлемі 60 шаршы метр қар көшкіні басып қалған.

ШҚО-да шаңғы тебуге шыққан ер адам қар көшкінінде қалып, қаза тапты

ШҚО-да шаңғы тебуге шыққан ер адам қар көшкінінде қалып, қаза тапты

Бұл өңірде 7-11 наурыз аралығында қар көшкіні қаупі болатыны жергілікті телеарна арқылы хабарланған болатын.

«Риддерден 6 шақырымда жатқандықтан, бұл аумақ «Қазселденқорғау» мекемесінің қызмет аясына кірмейді, маңайында автожол жоқ. Өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметінің мамандары марқұмның денесін Риддерге жеткізді», - делінген ТЖД таратқан ақпаратта

Төтенше жағдай қызметі облыс тұрғындарына көшкін қаупі жайында ескерту берілген мезгілде тауға шықпауға кеңес береді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір