RU
Әйелдерді құшақтай беретін шенеунікке әріптестері қарсы шықты
Жаңалықтар Әлемде

Әйелдерді құшақтай беретін шенеунікке әріптестері қарсы шықты

Рассказать Вконтакте

Заң шығару органында қызмет етіп жүрген әйелдердің тарапынан түскен шағымдарға байланысты сенатор Боб Херцбергке әріптестерін құшақтауға тыйым салынды, бұл шешімді АҚШ сенаты комитеті Калифорния штатының регламенті және әкімшілік мәселелеріне сүйене отырып қабылдады.

сенатор

Херцбергтің "орынсыз құшақтасуы" туралы оның үш қазіргі және бұрынғы әріптесі шағым түсірген деп жазады Los Angeles Times газеті.

Ішкі тергеу жүргізу барысында комитет анықтағандай, қызметкер әйелдердің басым көпшілігі сенатордың бұлай құшақтасуының еш сөкеттігі жоқ деп санайды екен. Бірақ оны жақтырмай, наразы болғандар да табылды.

Әрі жергілікті сенат Херцбергке бұл әрекетінің "біраз күмән тудыратынын" ескертіпті.

Соған байланысты комитет сенаторға сөгіс жариялап, бұл қылығына тыйым салған. Ал, Херцберг комитет шешімімен келісетінін мәлімдеп, "жәбірленушілерден" кешірім сұрады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
2
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір