RU
Немереге зар емеспін: Қызылордалық ене үш қыз тапқан келінін үйден қуып шықты
Жаңалықтар Қоғам

Немереге зар емеспін: Қызылордалық ене үш қыз тапқан келінін үйден қуып шықты

Рассказать Вконтакте

Қызылордалық жігітке тұрмысқа шыққан ақтөбелік келіншек өзінің аянышты жағдайы туралы айтып берді. Оның айтуынша, жас босанған оны күйеуі мен енесі керек қылмай, үйден қуып шыққан. Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Немереге зар емеспін: Қызылордалық ене үш қыз тапқан келінін үйден қуып шықты

Немереге зар емеспін: Қызылордалық ене үш қыз тапқан келінін үйден қуып шықты

Әсем жуырда ғана үшінші баласын дүниеге әкелген. Алайда оны шығарып алуға енесі де, күйеуі де келмеген. Келіншектің айтуынша, бұған дейін ол мұндай жағдай боларын сезбеген, себебі енеме барынша қызмет етіп, күйеуіме адал жар болуға тырыстым, дейді ол.

"Күйеуім өз қолымен ауруханаға әкеп тастады. Босанғаннан кейін де хабарласып тұрды. Алайда тура шығатын күні келмей қойды. Күйеуіме хабарласып едім, трубканы алмады. Ал енеме звондап едім, ол ұлының маған келгісі келмейтінін, екінші әйел алғысы келетінін айтты. Менің аяғым ауыр болғандықтан, босануымды күткен-мыс. Шыдамай дауысым қатты шығып кетті. Сол кезде енем маған айғайлап, немереден тарлық көріп отырған жоқпын, қыздарың болса - өзіңдікі", - деді.

Сол күні өзімнің әке-шешім шығарып алды. Ал күйеуіме келесі күндері хабарлассам, үнемі жанжал болады.

"Не болды?Дұрыстап түсіндірші десем, сен дұрыс әйел бола алмайсың. Анама айғайлапсың. Айтпағанды айтыпсың, дейді. Түк түсіне алмай мен отырмын... Әке-шешемнің үйінде үш қызыммен", - деп өз шындығын айтты келіншек.

Оның айтуынша, бір сөзге бола ренжісіп қалатын кездері көп болатын. Алайда айналасы бірнеше күннің ішінде бұлай өзгереді деп ойламаған.

"Мен оны ақтап алатындай еш себеп көріп отырған жоқпын. Қазір күнде жылаймын. Балам қырқынан шықпады. Жұмысым жоқ. Әке-шешем кедей тұрады. Балалаларды қалай асырарымды да білмеймін,"- деп көзіне жас алды қызылордалық келін.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
55
10
23
103
5
20
12
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel