RU
Чемпион атанған қазақ қызының жаттығуы желі қолданушыларын таңғалдырды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Чемпион атанған қазақ қызының жаттығуы желі қолданушыларын таңғалдырды (видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның төрт дүркін, әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбайдың жаттығуы әлеуметтік желі қолданушыларын таңғалдырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеоны желіге Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі Марат Иғали жүктеген.

"Назым кеше Щучинскіде, Бурабайда өткен ТМД Ашық кубогін ұтып алды! Құтты болсын! Турнир жыл сайын өткізілетін болады және басты мақсаты — Щучинск-Бурабай демалыс орнына туристер тарту", - деп жазды Иғали.

Видеодан темір зілбалғамен автокөлік дөңгелегін соғып жатқан Назым Қызайбайды көруге болады. Қазақ қызы жиырма бес секундта 14 соққы жасаған.

Назым Қызайбай — қазақстандық боксшы, Қазақстанның төрт дүркін, әлемнің екі дүркін чемпионы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
3
14
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір