RU
Солтүстік Қазақстанда екі рет жемқорлық жасаған адам мектеп директоры болды
Жаңалықтар Қоғам

Солтүстік Қазақстанда екі рет жемқорлық жасаған адам мектеп директоры болды

Рассказать Вконтакте

Солтүстік Қазақстанда екі рет жемқорлық жасаған адам мектеп директоры болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Солтүстік Қазақстанда екі рет жемқорлық жасаған адам мектеп директоры болды

Солтүстік Қазақстанда екі рет жемқорлық жасаған адам мектеп директоры болды

Он жыл бұрын Асқар Хамзин Солтүстік Қазақстан облысы Шал Ақын ауданында №3 Смирнов орта мектебінде директор қызметін атқарған. Сол кезде оқушыларға үйінің қарын күретіп, бақшасының шөбін жұлғызған, отын жарғызған. Прокуратура тексеруі барысында оқушылардың тамағына заңсыз ақша жинағаны анықталыпты. Хамзин жемқорлық заңын бұзғаны үшін жұмыстан шығарылған болатын, деп жазады Петропавловск News басылымы.

Кейінірек Афанасьев ауылдық округының әкімі болып орналасыпты. Әкімнің арнайы тексеруден қалай өткені беймәлім. Жаңа орнында да жемқорлық әрекетін жалғастырады. Төрт жыл бұрын Хамзинге отын керек болғанда, қол астындағыларды орманға жіберіпті. Қызметкерлердің бірін ара шағып алып, ер адам анафилактикалық шоктан оқиға орнында көз жұмған.

Сөйтіп, Хамзин сот арқылы лауазымын қайтарып алғысы келеді. Бірақ мектептегі шуға байланысты бұрынғы әкімнің мемлекеттік қызметті атқара алмайтыны белгілі болған.

Соған қарамастан, Хамзин тағы да мектеп басшысы болып шыға келді. Көрші Айыртау ауданы "Нижнебурлуский комплекс школа-ясли-сад" ҰММ директоры қызметіне тағайындалған екен. Басшылық ешқандай тексеру жүргізбепті.

Құқықбұзушылықты әшкерелеуге Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысы Ғалым Тұрсынбаев көмектесті.

Ақыры Асқар Хамзинді үшінші рет жұмыстан шығарған. Ал мектеп директорына қатысты жеке ақпаратты тексермеген білім беру бөлімінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
2
1
1
1
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір