RU
Қазақ баласы Ресей чемпионатына қатысқан ең жас футболист атанды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Қазақ баласы Ресей чемпионатына қатысқан ең жас футболист атанды (фото)

Рассказать Вконтакте

Тараздағы футбол мектебінің тәрбиеленушісі өткен жылы ресейлік "Уфа" командасына ойыншы ретінде қабылданған еді. Футбол шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет бүгінгі Ресей футбол премьер-лигасына "Уфа" командасының құрамында қатысып, "Анжи" командасына қарсы ойында өнер көрсетті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қазақ баласы Ресей чемпионатына қатысқан ең жас футболист атанды (фото)

Қазақ баласы Ресей чемпионатына қатысқан ең жас футболист атанды (фото)

4 ақпан күні 18 жасқа толған Еркебұлан кәсіби клубтармен келісім-шартқа отыру құқына ие болған. Осылайша ол Ресей чемпионатының жоғарғы дивизионы матчына қатысқан ең жас ойыншы болып танылды.

"Анжи" командасына қарсы ойынның 22-турында қазақ "Мессиі" Кехинде Фатаиді алмастырып, өнер көрсетті.

"Сейдахмет жақсы ойнап шықты. Кей кездері оған кішкене батылдық жетіспене секілді. Әсіресе қорғану әрекеттері кезінде бұл байқалды. Ал шабуылға келер болсақ, онда ол екі рет голдық шабуыл жасап, көзге түсті. Оның әлі жас екенін жақсы түсінеміз. Оның мықты тұстарын да білеміз. Оны алғашқы ойынымен құттықтаймыз. Ол өз командасына үш ұпай жинауға көмектесті", - дейді Семак.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
2
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір