RU
Өзбек имамы түрік сериалдарының ұлтына кесірін тигізіп жатқанын айтып, дабыл қақты
Жаңалықтар Әлемде

Өзбек имамы түрік сериалдарының ұлтына кесірін тигізіп жатқанын айтып, дабыл қақты

Рассказать Вконтакте

Жұма намаз кезінде Ташкенттегі "Мирза Юсуф" мешітінің бас имамы Рахматулло Сайфуддинов түрік сериалдары өзбектердің генофондын бүлдіріп жатыр деп мәлімдеген. Бұл туралы centralasian.org-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Рахматулло Сайфуддинов

Рахматулло Сайфуддинов

Кезекті уағызында имам Сайфуддинов "Жыныстық акті кезінде күйеуін емес, түрік сериалдарындағы әдемі актерларды ойлайтын әйелдерден геи-балалар туады" деп мәлімдеді. ​

Бұл мәлімдеме жергілікті БАҚ-та түрік сериалдарына қарсы науқан жүріп жатқан кезінде айтылды. Өткен айда ZO'RTV телеарнасы «Қара махаббат» (Kara Sevda) деп аталатын түрік сериалын көрсетуді доғаруға мәжбүр болған.

Өзбекстанның баспасөз және ақпарат агенттігі жанындағы БАҚ-қа мониторинг жүргізу орталығы аталған сериал ұлт менталитетіне және дәстүріне, отбасылық құндылықтарға қайшы келеді деп шешім қабылдаған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
5
6
4
1
44
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel