RU
Алматылық жігіт әйгілі әншінің кешінде сүйіктісіне ұсыныс жасап, залды жарды
Жаңалықтар Қоғам

Алматылық жігіт әйгілі әншінің кешінде сүйіктісіне ұсыныс жасап, залды жарды

Рассказать Вконтакте

Ресейлік әнші Бастаның Алматыдағы концертінде тағы бір жұп, үлкен өмірге қадам басты. Себебі әншінің кешінде алматылық жігіт сахнаның қақ ортасында тұрып, сүйіктісіне қолы мен жүрегін ұсынды деп хабарлайды NUR.KZ.

Коллаж: Instagram.com/abdigaliev01 мен livejournal.com/mitrofanova

Коллаж: Instagram.com/abdigaliev01 мен livejournal.com/mitrofanova
Source: UGC

Айта кетейік, бұндай жағдай Василий Вакуленко үшін таңғаларлық дүние емес. Өйткені ғашық жігіттер сүйіктісіне дәл осы әншінің концертінде ұсыныс жасауды әдетке айналдырған.

Алматылық Мұрат Әбдіғаниевте бұл мүмкіндікті жіберіп алмай, Бастаның қолдауымен сахнаға шығып, тізерлеп отырып, сүйіктісіне ұсыныс жасады.

Ол бүкіл жұрттың көзінше: "Маған тұрмысқа шықшы", - деп сүйгеніне ағынан жарылған.

Ал бұл сәтті әнші Баста алып розаны құшақтап, қыздың "иә" деген жауабын жігітпен бірге күтіп тұрған.

Сіздің реакцияңыз
22
3
1
0
1
14
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel