RU
Кездесудің ақысын сұраған жігіт елге әбден күлкі болды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Кездесудің ақысын сұраған жігіт елге әбден күлкі болды

Рассказать Вконтакте

Британдық жігіт өз қылығымен елге күлкі болды. Ер адам кездесуден кейін бойжеткенге өзіне сай еместкгін айтып қана қоймай, кездесуге жұмсалған қаражатты қайтаруды талап еткен деп xабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: vlad.aif.ru

Көрнекі фото: vlad.aif.ru

Кездесуден кейін жігіт бойжеткенге xабарлама арқылы оның талғамына сай келмейтінін айтып, оған жұмсалған ақшаны қайтаруын өтінген. Қаржы аударылымы үшін, ол тіпті өзінің есепшотын салып жіберген.

"Мен сені осыншама қымбат ішімдікке тапсырыс береді деп ойламадым. Менің ішімдігім 1,75 тұрса, сенің тапсырысын 8,39 фунт құрады. Бұл тым қымбат, жаратылған сомманы қайтаруыңды талап етемін", - деген жігіттің хабарламасын бойжеткен бірден желіге жүктеп жібереді.

Сондай-ақ, ол xабарлама астына "қызық, мені сотқа берер ма екен?!" деген жазба да қалдырды.

Бұл жазба желіде бірден резонанс тудырды. Интернет қолданушылардың мыңдаған лүпілдерін жинап қана қоймай, жігіттің бұл қылығы көпшілікті күлкіге қарық қылды.

Мыңдаған пікір білдірушілер арасында жігітті барып тұрған бизнесмен деп санағандар да болды.

Қалың көпшілікті қыз тапсырысының бағасынан гөрі, жігіттің 1,75 фунтқа не ішкені қызықтырған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
1
1
1
6
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel