RU
Шымкентте қоқыстың арасында азық-түлік сатқандар жұрттың ашуына тиді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте қоқыстың арасында азық-түлік сатқандар жұрттың ашуына тиді (фото)

Рассказать Вконтакте

Шымкентте лай-батпақ пен қоқыстың арасында азық-түлік сатқан саудагерлер халықтың ашуын туғызды. Әр апта сайын арзан бағадағы жәрмеңкеге баратын қала тұрғындары бұл жолы санитарлық тазалықты сақтамаған саудагерлердің жұмысына шағымданды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Қажымұқан стадионы маңында азық-түлік жәрмеңкесі

Қажымұқан стадионы маңында азық-түлік жәрмеңкесі

Демалыс күндері Шымкенттегі Қажымұқан стадионы маңында арзан бағада азық-түлік жәрмеңкесі өтеді. Мұнда тауар алуға тұрғындар көптеп келеді. Бірақ өткен сенбі күнгі жәрмеңкеде тұрғындар лай судың арасында сауда жасаған кәсіпкерлердің тауарын алуға сескеніп қалды. Азық түлікті осы жәрмеңкеден сатып алып жүрген тұрғындар санитарлық талапты сақтамаған саудагерлерге шара қолдану керек деп отыр.

"Азық-түліктердің бағасы арзан. Бізге ұнайды. Барзардан қарағанда жақсы. Бірақ бұл жолы жәрмеңкенің іші қоқысқа толы болып кеткен. Оған қоса лай судың арасында сауда жасап отырғандар бар. Біз жейтін тауар сатып аламыз. Сондықтан таза жерден алғымыз келеді. Тазалықты сақтамағандарды жауапқа тарту керек", - дейді қала тұрығыны Сауле Исмаилова.
Қажымұқан стадионы маңында азық-түлік жәрмеңкесі

Қажымұқан стадионы маңында азық-түлік жәрмеңкесі

Жәрмеңкені ұйымдастырушы кәсіпкерлік бөлімі қызметкерлерінен тұрғындардың шағымы бойынша жауап алуға тырыстық. Алайда бөлім қызметкерлері тек тауар бағасына жауап беретіндігін жеткізді.

Сондай-ақ жәрмеңкедегі санитарлық талапты ветеринариялық бөлім мамандары қадағалауы тиіс дейді. Бірақ тазалыққа жауап беретін мамандарды жәрмеңкеден таба алмадық.

Қажымұқан стадионы маңында азық-түлік жәрмеңкесі

Қажымұқан стадионы маңында азық-түлік жәрмеңкесі

Жәрмеңкені ұйымдастырушылар ветеринария бөлімінің қызметкерлеріне хабарласқанда, жауапты мамандардың үш сағат бұрын жәрмеңке бітпей жатып кетіп қалғандығын мәлімдеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
12
0
1
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір