Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еріген қар суы мен жаңбыр Өскеменді Венецияға айналдырды

Опубликовано:

Еріген қар суы мен тоқтамай жауған жаңбырдың кесірінен Өскемен көшелерін су басты. ШҚО ТЖД мәліметінше, су әлі тазаланбаған арықтар мен каналдардан көтерілген деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: vk.com/v_uka_podsluwano
Фото: vk.com/v_uka_podsluwano: UGC

Коммунальдық қызмет пен құтқарушылар қаланың барынша судан тазартуға күшін салып жатқанда тұрғындар әлеуметтік желіде Венецияға айналған көшелерден фото мен видеоны жарыса салуда.

Видеодағы кадрдан үйлердің суда тұрғаны, ал көшелердегі су өзен секілді ағып жатқаны және көліктердің әрең қозғадып жатқаны байқалады.

Фото: vk.com/v_uka_podsluwano
Фото: vk.com/v_uka_podsluwano: UGC

"Өскемен тәртіп" мекемесінің директоры Тамара Рахымжанованың Қазақпаратқа хабарлауынша, қала аумағында 80-нен астам құтқарушы, 26 грейдер мен фронталды тиеуіш техника қарғын сумен күреске жұмылдырылған. Мердігер компаниялармен қатар «Өскемен водоканал» мекемесінің техникасы да тартылуда екен.

Фото: vk.com/v_uka_podsluwano
Фото: vk.com/v_uka_podsluwano: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1720958-erigen-kar-suy-men-zabyr-skemendi-veneciaga-ajnaldyrdy/

pixel