RU
Езіп тастаймын: Жеңіліп көрмеген боксшы Данияр Елеусіновке сес көрсетті
Жаңалықтар Әлемде

Езіп тастаймын: Жеңіліп көрмеген боксшы Данияр Елеусіновке сес көрсетті

Рассказать Вконтакте

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін америкалық боксшы Теренс Кроуфорд қазақстандық олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновты "езіп тастауға" уәде берді, деп хабарлайды vesti.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Теренс Кроуфорд. Фото с сайта boxing911.ru

Теренс Кроуфорд. Фото с сайта boxing911.ru

"Мен тек айтар тек төрт сөзім бар: Джош Келли мен Данияр Елеусінов", - деді Елеусіновтің промоутері Эдди Хирн сөзін Клоуфордқа бағыттап.
Ал бұған Кроуфорд: "Оларды езіп тастаймын", - деп жауап қатты.

Айта кетейік, Теренс Кроуфорд - бірінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы. Шаршы алаңда 32 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Ал 23-ін уақытынан бұрын аяқтаған.

Ал жақында ғана танымал британдық промоутер Эдди Хирнмен келісімшартқа қол қойған Данияр Елеусінов алғашқы жылы шамамен 7 кездесу өткізеді. Олардың біріншісі осы жылдың 28 сәуіріне жоспарланған. Әзірге отандасымыздың қарсыласы белгісіз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
4
10
0
2
6
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір