RU
Алматыда мас көлік жүргізушісі полицияны тексермек болып қашып кеткен (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда мас көлік жүргізушісі полицияны тексермек болып қашып кеткен (видео)

Рассказать Вконтакте

Алматыда мас күйінде көлік жүргізген азамат полицейлердің шапшаңдығын тексермек болып, қашып кетіпті деп хабарлайды Patrul.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: patrul.kz

Фото: patrul.kz

Жігіт Mitsubishi Lancer автокөлігін жалға алып, түнгі қалада қыдырып жүрген. Ол Саин көшесінің бойымен жоғары жылдамдықта оңтүстік бағытқа қарай жүйткіген. Осылайша тәртіп сақшыларының назарына ілігіп, Абай көшесінен аса бергенде полицейлерден "тоқтаңыз" деген хабарламаны естиді.

Фото: patrul.kz

Фото: patrul.kz

Алайда Mitsubishi жүргізушісі полицейлерден қаша жөнеліп, қуыс-қуысқа тығыла бастапты. Райымбек пен Тілендиев көшелерінің қиылысында қолға түскеннен кейін ғана амалы таусылып, көлігінен ерікті түрде шыққан.

Фото: patrul.kz

Фото: patrul.kz

Осылайша, тәртіп сақшыларымен накрологиялық орталыққа барып, медициналық сараптамадан өтеді. Мамандар жүргізушінің орта деңгейлі мас күйде екенін анықтаған.

Полицейлердің "негеқаштың?" деген сұрағына ол "тәжірибе жасап көргім келді" деп жауап беріпті. Бірнеше жол ережесін бұзған азамат өзінің ерекше тәжірибесі үшін тиісті түрде жазаланатын болады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
1
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір