RU
1464 келі ет асқан қырғыздар қазақтардың рекордын басып озды (видео)
Жаңалықтар Әлемде

1464 келі ет асқан қырғыздар қазақтардың рекордын басып озды (видео)

Рассказать Вконтакте

Бішкекте 11 наурыз күні 1464 келі ет асып, 117 метр жұжық пісірлді деп хабарлайды centralasian.org-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

1464 келі ет асқан қырғыздар қазақтардың рекордын басып озды (видео)

1464 келі ет асқан қырғыздар қазақтардың рекордын басып озды (видео)

Бішкектегі бұл акцияның мақсаты – ет тағамы мен жұжық пісіруден Гиннестің рекордтар кітабына ену, ұлттық дәстүрді насихаттау.

Айта кетейік, 2015 жылы үлкен ет тамағын әзірлеу рекорды Астанада тіркелген еді. Сол кезде 736,5 келі ет асылып, бұл тағам Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген.

Ұйымдастырушылардың бірі Жамалбек Ырсалиевтің айтуынша, Бішкектегі дайындалған ас та Гиннестің рекордтар кітабына ене алады. Тазалық ережелерінің барлығы сақталған, ас әзірлеу барысы тіркеліп отырған.

Мұндай үлкен асқа 150 литрлік 12 қазан орнатылды. Туралған ет Нарын мәзірі бойынша пісірілді.

Іс-шараны "Ак элечек", "Ак калпак" және "Кыргыз тилектешиги" ұйымдастырды.

Шұжық – жылқы етінен дайындалатын түркі халықтарының ежелгі тағам түрі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
4
2
0
0
14
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір