RU
Талдықорғанда полицейге тіл тигізген әйелдің басы бәлеге қалды
Жаңалықтар Қоғам

Талдықорғанда полицейге тіл тигізген әйелдің басы бәлеге қалды

Рассказать Вконтакте

Полицейді балағаттаған Талдықорған тұрғыны 60 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Талдықорғанда полицейге тіл тигізген әйелдің басы бәлеге қалды

Талдықорғанда полицейге тіл тигізген әйелдің басы бәлеге қалды

Талдықорғандағы түнгі клубтардың бірінің күзетшісі мен полиция сержантына тіл тигізді деп айыпталған 33 жастағы әйел жауапқа тартылды.

Белгілі болғандай оқиға Талдықорғанда өткен жылы желтоқсан айында болды. Жанжал шыққан жерге келіп жеткен полиция жасағы тәртіп бұзған әйелді қамауға алуға мәжбүр болған. Кейін медициналық сараптама оның орта деңгейде мас болғанын анықтады.

"1982 жылы туған күдікті әйелдің іс-әрекеттерінде Қылмыстық кодекстің 378-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекет бар. Ішімдік ішіп, мас болған әйел ойын-сауық мекемесінің күзетшісі мен полиция қызметкерлерін балағаттаған. Кейін қалалық медициналық айықтырғышқа жеткізілген ол тәртіп сақшыларын өзіне зорлық-зомбылық көрсетті деп айыптамақ болады", — деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Сот отырысында әйел өз кінәсін толық мойындады, өкініш білдіріп, соттан өзін қатаң жазаламауды сұрады.

Барлық жағдайды ескере отырып, Талдықорған қалалық соты билік өкіліне тіл тигізгені үшін әйелді 60 сағат қоғамдық жұмысқа тарту шешімін шығарды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel