RU
Тағы бір қазақстандық жігіт танымал әншінің концертінде сүйіктісіне ұсыныс жасады (видео, фото)
Жаңалықтар Қоғам

Тағы бір қазақстандық жігіт танымал әншінің концертінде сүйіктісіне ұсыныс жасады (видео, фото)

Рассказать Вконтакте

Астана тұрғыны Бастаның концертінде сүйіктісіне ұсыныс жасап, елді сүйсінтті. Айналасы 1-2 күннің ішінде танымал әнші алматылық, енді астаналық отбасының негізін қалап үлгерді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: krestianin.ru және instagram.com/regashaa

Фото: krestianin.ru және instagram.com/regashaa

Астана төріндегі концертте Баста сахнаға өзі ұйымдастырған конурстардың бірінде жеңіске жеткен жігітті шақырып, микрофон ұсынды.

Ал ортаға шыққан Никита есімді тұрғын өзінің сүйіктісі Регинаны алдырып, ел алдында үйлену туралы ұсыныс жасады.

"Мен бар халықтың алдында өзіңе сезімімді білдіргім келеді. Мен сені өте қатты жақсы көремін және өз өміріміе шақырғым келеді. Менің жарым боласың ба?", - деген азамат тізірлеп отырып, жүзігін ұсынды.

Ал Регина қуаныштан секіріп, "Иә, мың рет иә!", - деп жауап берді.

Фото: instagram.com/regasha

Фото: instagram.com/regasha

"Бар енді, мың рет иә деген сөзіңді айта ғой. Бұл уәделеріңді барлық жұрт көрді, енді сендер айырылыса алмайсыңдар", - деп жымиған рэпер концертін әрмен қарай жалғастырды.

Еске салсақ, бірер күн бұрын Баста Алматы қаласында өткен концертінде де ғашықтарды "өмірлік серік еткен" болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel