RU
Қытай көшбасшысына өмір бойына президент болуға мүмкіндік берілді
Жаңалықтар Әлемде

Қытай көшбасшысына өмір бойына президент болуға мүмкіндік берілді

Рассказать Вконтакте

Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы ел президенті Си Цзиньпиннің билікте отыру мерзімін шектейтін бапты өзгертуді басым көпшілік дауыспен мақұлдады деп хабарлайды Азаттыққа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қытай көшбасшысына өмір бойына президент болуға мүмкіндік берілді

Қытай көшбасшысына өмір бойына президент болуға мүмкіндік берілді

Наурыздың 11-і күні Бейжіңденгі жиында үш мыңға жуық делегаттың екеуі қарсы дауыс берген, тағы үш адам дауыс беруден қалыс қалған.

Бұған дейін конституцияда Қытай төрағасы қызметіне бір адамның екі мерзімнен артық сайлануына шектеу қойылып келген. Мұндай ереже заңға 1982 жылы Қытайдың сол кездегі басшысы Дэн Сяопиннің бастамасы бойынша енгізілген.

Қытай Халық республикасы құрылған 1949 жылдан бастап 1976 жылы қайтыс болғанға шейін елді үздіксіз басқарған Мао Цзэдуннің тұсындағыдай өмірлік диктатура қайталанбасы үшін билік жүйесіне әлгіндей өзгеріс енгізілген еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
5
1
2
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір