RU
Баян Алагөзова өзінің қоластындағы жігіттерге үйленіп, бала сүюге рұқсат берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Баян Алагөзова өзінің қоластындағы жігіттерге үйленіп, бала сүюге рұқсат берді

Рассказать Вконтакте

Баян Алагөзова "Кешьюден" бөлек, тек қана жігіттерден құралған "Алау" тобына да продюсерлік етеді. Топ құрамындағы әнші Әсет Арыстанбек Баян ханымның ұлдармен қарым-қатынасы туралы NUR.KZ тілшісіне айтып берді.

"Алау" тобы

"Алау" тобы

Қыздарға ерекше қаталдықпен қарайтын Баян ханым ұлдарға келгенде мүлде бөлек көзқараста болып шықты.

"Бізге қойылған қатаң талап жоқ, бізге үйленуге де, бала сүюге болады. Тек берілген тапсырмаларды уақыты орындап, дене бітімізді бірқалыпты ұстасақ болды", - деп бастады сөзін әнші.

Сонымен қатар продюссер жігіттердің ай сайын пәтерақыларын төлеп береді. Концерт, той немесе гастрольдік сапарларда жігіттерді арнайы көлікпен тасиды. Әсет Алагөзова ханымның топ жігіттеріне жасаған тағы бір баға жетпес үлкен сыйлығы туралы айтып өтті.

"Алау" тобы

"Алау" тобы

"Осыдан біраз уақыт бұрын біз Баян ханымнан өзімізге жеке студия ашып беруін сұраған болатынбыз. Біздің шығармашылығымызға деген сый ретінде студия ашып берді. Қазір "Алау" тобының жігіттеріне ғана арналған жеке студиямыз бар", - деді әнші.

Әншілікпен қатар актер ретінде киноға түсуді енді бастаған жігіттер қазір "Қазақ аруы" байқауынының дайындығына атсалысып жатқан Әсет Арыстанбек "Болашақта Республика сарайында жеке шығармашылық кеш өткізуді ойда бар", - деп сөзін аяқтады.

Сіздің реакцияңыз
3
3
0
0
3
10
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel