RU
Бойжеткен 8 наурыз күні сыйлыққа алған гүлін сол күні сатылымға шығарған (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Бойжеткен 8 наурыз күні сыйлыққа алған гүлін сол күні сатылымға шығарған (фото)

Рассказать Вконтакте

Нәзік жандылар қауымының төл мерекесі қарсаңында гүл бизнесінің ерекше қызатыны белгілі. Бұл сәтті тек гүл сатушылар ғана емес, оны өзіне сыйлыққа алушылар да ұтымды пайдаланып қалмақ болған деп жазады ernur.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ernur.kz

Фото: ernur.kz
Source: UGC

Желіде тараған мына бір хабарландыру соған дәлел бола алады. Онда әлдекім бойжеткен өзіне тарту етілген кереметтей раушан гүлдерді ғаламтор арқылы сатылымға шығарып, пайда көргісі келгенін аңғаруға болады.

"Өзіме сыйлық ретінде берілген голландық раушан гүлдерін сатамын. 11 дана. Өте әдемі гүл шоғы. Мұндай гүлдер кемінде 7500 теңге тұрады. Биіктігі бір метр", - деп жазылған хабарландыруда тауардың бағасы 6000 теңге екені көрсетілген.

Мұнымен қоса бойжеткен бұл гүл шоғын өзі 8 наурыз күні сыйға алғанын атап өткен. Ал хабарландыру арада бір сағат өткен соң ілінген.

Ерекше жарнаманы оқыған желідегілер бойжеткеннің пысықтығына тәнті болып, тіпті күлкіге айналдырса, бірі жарнама иесін бұл әрекеті үшін сөгіп тастады.

Дегенмен пікір қалдырушылар арасында гүлін сатпақ болған жанға түсіністікпен қарап, жақтап шыққандар да болды.

Сіздің реакцияңыз
5
1
1
7
1
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel