RU
Бақытбек бостандыққа шыққан соң Баянның өмірі қалай өзгереді?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Бақытбек бостандыққа шыққан соң Баянның өмірі қалай өзгереді?

Рассказать Вконтакте

Баян Мақсатқызы өзінің өмірінде Леша есімді бір ғана махаббаты бар болғанын, арада біраз жыл өткен соң ғана Тұрсын Алагөзовті сүйіп қалғанын «TalkLike» бағдарламасында айтқан болатын. Алайда ол, Бақытбек пен қазіргі жарынан басқа кіммен төсектес болғанын жасырып қалды.

Бақытбек бостандыққа шыққан соң Баянның өмірі қалай өзгереді?

Бақытбек бостандыққа шыққан соң Баянның өмірі қалай өзгереді?

Бағдарламаны тамашалаған Жауқазын Е. есімді қолданушы бұрынғы күйеуі босап шықса, Баянның жағдайы қиын болатынын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

«Баян Мақсатқызы қайта-қайта сұқбат беріп, жылтыңдаған сайын оның бұрынғы отбасы көз алдыма келе береді. Екі қызы екі жаққа кетті, отағасы анау. Әрине, махаббат махаббатымен, бірақ мұндайда өкініштің болмауы мүмкін емес. Ал өкініш деген өзекке түссе қиын. Меніңше, Баян қатты өкініп жүр. Ол өзін мықтымын деп үнемі ақтайды. Бұл жолы да сөйтті.
Кітап шығарды, ел алдында жүр. Өзінше ақталып әлек. Елге емес, өз-өзіне ақталып жатқан секілді. Жұмысбастылықпен де өкініштің орнын жабуға тырысып бағуда. Кино түсірді, тағы да кино. Бірақ үңірейген іштегі жараны ол емдей ала ма?.. Оны қойшы, бәрінен масқарасы Бақытбек шыққанда болайын деп тұр. Кеше ғана журналист Аман Тасығанға сұхбат берген Баян тағы бір рет таңғалдырды. Тіпті жаға ұстатты.
«Алғашқы махабатыңыз кім?» деген сұраққа, 22 жыл отасқан адал жары, екі баласының әкесі Бақытбек деп жауап берсе болар еді. Ал Баян болса беті бүлк етпей қайдағы бір Лешка дегенді айтты. Бұған не дерсіз? Бағдарлама бойынша Баянның бір сұраққа жауап бермеуіне құқығы бар еді. Журналистің «өміріңізде Бақытбек пен Тұрсыннан өзге еркекпен төсектес болдыңыз ба?» деген сауалға жауап беруге келгенде Баян осы құқығын пайдаланды. Ал Бақытбек ше? Ол оралған кезде әкешім деп қыздары мойнына оралмайды дейсіз бе? Оралады, әрине.
Бақытбек Есентаев. Фото: Жұлдыздар құпиясы

Бақытбек Есентаев. Фото: Жұлдыздар құпиясы

Есентаев, меніңше, ендігі өмірін қыздарына арнайды. Мал-мүлкіне таласпаса да, қыздарының құқығы үшін таласатын болады ол. Сондықтан Баянның жыры әлі біткен жоқ. Өйткені бұрынғы күйеуімен бетпе-бет келмек-түгілі, төбесін ғана көрсе Баян бірнеше жылға қартайып кететін сияқты ғой», - деп жазды желі қолданушысы.

Айта кетейік, «TalkLike» бағдарламасында Баян Мақсатқызы өмірінде бір ғана махаббат болғанын атап өткен еді. Продюсер Тұрсын Алагөзовке деген сезімі мүлде күтпеген сәтте пайда болғанын айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
45
11
11
16
2
77
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір